Елордада меценаттар 70 баланың арманын орындайды

283

Бүгін елордада Әз-Наурыз мерекесіне орай "Армандар шаңырағы" атты әлеуметтік акция өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Елордада меценаттар 70 баланың арманын орындайды Фото: gov.kz

Нұра ауданы әкімдігі ұйымдастырған акция барысында Астана қаласы әкімдігінің "Жансая" әлеуметтік қызмет көрсету орталығына келуші балалар армандарын қағазға жазды.

Елордалық Сандуғаш Нұрсейітова – көпбалалы ана. Оның кенже баласы қазіргі кезде осы орталықта оңалтудан өтіп жүр.

"Ұлым Естай – 7 жаста. Баламның сөйлеу қабілеті кеш дамып жатыр. Бұл орталық бізге ұнайды. Мұнда бізбен күн сайын логопед, психолог секілді мамандар жұмыс істейді. Орталықтың әлеуметтік қызметкерлері балаларға жақсы қарайды. Бүгін керемет акция өткізіліп атыр. Ерекше балаларды елеп, ескеріп жатқаны үшін ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Біз үй жағдайында қойылған батут болмаса, 2 дөңгелекті велосипед сұрап отырмыз", - деді анасы.

Іс-шараның мақсаты – балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау.

"Астана қаласы әкімдігінің "Жансая" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 2022 жылы ашылған. Мұнда қазіргі кезде 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі 640 мүмкіндігі шектеулі бала бар. Күн сайын 70-тен аса бала оңалтудан өтеді. Олар әртүрлі мамандардың қызметін алады. Сондай-ақ орталықта би, вокал секілді үйрімелер жұмыс істейді", - деді орталық директоры Ердәулет Аманбай.

Елордалық меценаттар мен кәсіпкерлер Нұра ауданына қарасты 70 баланың арманын орындамақ. Олар сыйлықтарды наурыздың 21-іне дейін балаларға табыстайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу