Елордада медициналық ұйымдардың бас дәрігерлерінің бірыңғай қабылдау күні пайда болды

790

Тізімде қалалық ауруханалар, емханалар, перинаталдық орталықтар, диспансерлер, медициналық орталықтар және т.б бар. 

Елордада медициналық ұйымдардың бас дәрігерлерінің бірыңғай қабылдау күні пайда болды

Медициналық ұйымдардың басшылары азаматтарды апта сайын сейсенбі күні жеке қабылдайды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

"Медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту, пациенттермен кері байланыс орнату мақсатында, денсаулық сақтауға қатысты туындаған мәселелерді шешу үшін апта сайын сейсенбі күні сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін медициналық ұйымдар бас дәрігерлерінің азаматтарды бірыңғай қабылдауы ұйымдастырылды", – деп мәлімдеді елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында.

Азаматтарды толық қабылдау кестесі әкімдіктің сайтында жарияланған. 

Тізімде қалалық ауруханалар, емханалар, перинаталдық орталықтар, диспансерлер, медициналық орталықтар және т.б бар. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы да тұрғындарды апта сайын сәрсенбі күні сағат 17:00-ден 19:00-ге дейін қабылдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу