Елордада мектеп автобустары тексеріліп жатыр

728

27 наурыз бен 10 сәуір аралығында елорда аумағында “Балалардың жолдағы қауіпсіздігі” атты республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.

Елордада мектеп автобустары тексеріліп жатыр Фото: inform.kz

Аталған іс-шара аясында жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері Астана қаласының көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп, мектеп автобустарының техникалық жай-күйінің қауіпсіз пайдалану талаптарына сәйкестігін тексерді, деп хабарлайды inbusiness.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Мектеп автобустарының жүргізушілерімен және автопарк басшылығымен ЖҚЕ талаптарын зерделеу және бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ жолаушы-балаларды тасымалдау кезінде мұқияттылық танытып, оларға ұқыпты қарау туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Бұдан басқа жүргізуші құрамды жалдау кезінде және оларды балаларды тасымалдауға жібермес бұрын заңнамаға сәйкес мұқият тексеру жүзеге асырылады. Астана қаласының полиция департаменті жол қозғалысына қатысушылардан жолдарда мұқият болуды және жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу