Білім басқармасы Нұр-Сұлтанда мектепке дейінгі ұйымдарға топтау кезегі мамыр айының ортасында басталатынын хабарлады.
Соңғы күндері ватсап арқылы 20 сәуірден бастап балаларды балабақшаларға топтау кезегі басталатыны туралы ақпарат тараған болатын. Білім басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Жоспар бойынша мектепке дейінгі ұйымдарға топтауды 2019 мамыр айының ортасында көздеп отырмыз, ол туралы ақпарат алдын ала міндетті түрде ата-аналарға БАҚ және Нұр-Сұлтан қаласының ресми ресурстарында жарияланатын болады", – делінген басқарма таратқан хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу