Елордада мектептердегі орын тапшылығы 26 мыңнан асып отыр

466

Жаңа оқу жылында бала саны 255 мыңға дейін жетеді. Бірінші сыныпқа 27 мыңнан астам бала барады.  

Елордада мектептердегі орын тапшылығы 26 мыңнан асып отыр Фото: NewTimes.kz

Қазір елордада 15 710 орынға қарастырылған 11 мектептің құрылысы жүріп жатыр, деп жазады Inbusiness.kz.

"Жаңа оқу жылында бала саны 255 мыңға дейін жетеді. Бірінші сыныпқа 27 мыңнан астам бала барады деп болжап отырмыз. Қазіргі таңда мектептердегі орын тапшылығы 26454 орынды құрап отыр", — деді Астана қаласы Білім басқармасы басшысы Сенғазыев Қасымхан.

Сондықтан елордада 15 710 орынға қарастырылған 11 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Онымен қоса, спикердің айтуынша, "Жайлы мектеп" жобасының аясында алдағы 2 жыл ішінде 88 800 орынға арналған 24 мектептің құрылысы аяқталатын болады.

"Жалпы 2022-2023 оқу жылы Астана үшін табысты болды, білім сапасы көрсеткіші қала бойынша 59,7%-ды құрады. Жазғы уақытта балалардың 98%-ы жазғы демалыс пен сауықтыру шараларымен қамтамасыз етілді. Биыл 18 мыңнан астам оқушы 9-сыныпты тәмамдады, ал 11-сыныпты 9 мың 500 түлек аяқтап, барлығы ҰБТ тапсырды", — деп қорытындылады Білім басқармасы өкілі.

Түлектер қазір ЖОО-ға құжаттарын тапсырып, жаңа оқу жылына дайындықтарын жүргізіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу