Елордада мемлекеттік балабақшалардағы тамақ ақысы өсуі мүмкін

466

Балабақшалардың ас мәзірі тамақтану институтымен бірлесе әзірленіп, бекітілген. 

Елордада мемлекеттік балабақшалардағы тамақ ақысы өсуі мүмкін Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Елордада мемлекеттік балабақшалардағы тамақ ақысын өсіру ұсынылды. Бағаны көтерудің себебін Астана қаласы білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев түсіндіріп берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Балабақшалардың ас мәзірі тамақтану институтымен бірлесе әзірленіп, бекітілген. Ол былтыр әзірленген. Осы орайда, мемлекеттік балабақшаларда ата-аналар төлейтін тамақ ақысын жекеменшік балабақшалармен теңестіріп, 20 800 теңгеге ұлғайту туралы ұсыныс бар. Статистикаға сүйенсек, қолданыстағы ас мәзірі бойынша 2-3 жастағы балаларға сатып алынатын азық-түлікке жұмсалатын қаражат – 18 837 теңге. Ал, 3-6 жастағы балалар тамағына 20 800 теңге жұмсалады. Дегенмен, мемлекеттік сатып алу порталында бағалар бұдан жоғары", - деді Қасымхан Сенғазыев елорда мәслихатының отырысында.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу