Елордада мемлекеттік нөмірсіз жүрген 46 жүргізуші анықталды

331

Астана полицейлері такси жүргізушілерін жаппай тексермек.  

Елордада мемлекеттік нөмірсіз жүрген 46 жүргізуші анықталды Фото: Inbusiness.kz

Астана қалалық полиция департаменті "Қауіпсіз жол" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында такси жүргізушілерін тексеруді бастады. Іс-шара 5-29 ақпан аралығында өтеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Қауіпсіз жол" іс-шарасы аясында полицейлер такси жүргізушілері арасында жолаушы және багажды тасымалдау ережелерінің сақталуын қадағалайды.

5 ақпаннан бері полицейлер жолаушыларды заңсыз тасымалдаған 9 такси жүргізушісін анықтады. Сондай-ақ мемлекеттік нөмірі жоқ көлік мінген 46 жүргізуші қолға түсті. Тағы 380 жүргізуші міндетті техникалық байқаудан өтпегені анықтылды. 500-ден астам жүргізуші жолаушылар мен жүк тасымалдау талаптарын сақтамаған.

Атап айтқанда, патрульдік полиция қызметкерлері тиісті тіркеу құжаттарын рәсімдемей, қосымша арқылы такси қызметін атқарған Өзбекстанның 35 жастағы азаматтын ұстады. Тәртіп бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, көлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу