Елордада мереке күндері ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

645

Елордада 16-19 желтоқсан аралығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.  

Елордада мереке күндері ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

Келушілер таңғы 8-ден кешкі 5-ке дейін қажетті өнімдерді ала алады. Өз өнімдерін Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының тауар өндірушілері, сондай-ақ астаналық аграршылар ұсынады.

Жәрмеңкеде азық-түлік өнімдерінің барлық түрлері сатылады (сүт, бакалея, шұжық, ұн, балық және т.б.).

Келушілер сиыр етін шамамен 2 000 тг/кг, жылқы етін – 2 200 тг/кг, қазы, жая – 2 500 тг/кг сатып ала алады.

Айта кету керек, жәрмеңке санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі. Келушілер мен қатысушылар бетперде киюі керек. Қол гигиенасы мен әлеуметтік қашықтықты сақтауы керек.

Бұдан әрі жәрмеңке апта сайын әр сенбі және жексенбі күндері мына мекен-жайда өтеді: Пригородный тұрғын алабы, Арнасай көшесі, 109 ғимарат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу