Жаңа жылды тойлау тек ашық жобасымен жұмыс істейтін кешендерге ғана рұқсат етіледі. Онда да тек 50 пайыз қатысушымен, яғни 70 орынға ғана лайықтап ұйымдастырылуы тиіс. Және келушілер мен ондағы қызметкерлерде жасыл статусы болуы міндетті.
Сондай-ақ бұл күндері мониторингтік топтардың жұмысы күшейтіледі.
"Тексеруді тұрғындар біреуге айыппұл салу немесе айыптау үшін ұйымдастырылып отыр деп түсінбеуі керек. Керісінше, бұл шараны аумақтағы ахуалды жақсарту мақсатында ұсынып отырмыз", – дейді елорданың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова.
Қаладағы эпидемиологиялық жағдай тап осы күндердегі халықтың сақтық шараларын қолдануына тікелей байланысты. Бұған дейін бас қалада мереке күндерінен кейін жасыл статустың бірден сарыға ауысуы жиі тіркелген.