Елордада мешіт қызметкерін пышақтап кетті

577

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы хабарлады. 

Елордада мешіт қызметкерін пышақтап кетті Фото: Егемен Қазақстан

Астанадағы мешіттердің бірінде шаруашылық қызметкерін пышақтап кетті. Ауыр жарақат алған мешіт қызметкері дәрігерлердің бақылауында. Жағдайы ауыр.

Мешіттің шаруашылық жұмыстарын жүргізетін қызметкерді суық қарумен жарақаттаған күдікті ұсталды. Бұрын сотталған. Қазір тергеу жұмыстары жүргізілуде. Болған оқиға себептері анықталуда.

Алдын ала жеткен мәліметтер бойынша қылмыстық оқиғаға отбасылық қақтығыстар, дәлірек айтқанда күдікті азамат пен оның әйелі арасындағы дау-жанжалдар себеп болған. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне қосымша ресми мәлімет берілетінін хабарлаймыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу