Елордада мойын-желке аймағында туа біткен ақауы бар қызға күрделі ота жасалды

613

Операция 4 сағатқа жалғасты. 

Елордада мойын-желке аймағында туа біткен ақауы бар қызға күрделі ота жасалды Фото: Ұлттық нейрохирургия орталығы

Астанадағы Ұлттық нейрохирургия орталығында мойын-желке аймағында туа біткен ақауы бар 6 жасар қыз балаға күрделі ота жасалды, деп жазады inbusiness.kz Денсаулық министрлігінің Телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Орталыққа Алматы облысынан 6 жасар қыздың ата-анасы жүгінген. Анасының айтуынша, қызы бес жасқа дейін аяқтың ұшымен ғана жүрген. Ал, 6 жасында қызының бойы күрт өсіп, төсек тартып қалған.

МРТ нәтижесі мойын-желке аймағында омыртқалар дамуындағы туа біткен ақауды көрсетті. Орталықтың мамандары кеңес өткізіп, тиісті емдеу тактикасы таңдап алынған.

Қыз баланың бірнеше омыртқасының жетіспеуіне баланысты жағдай күрделене түскен.

"Операция кезінде омыртқаларға қол жеткізуде техникалық қиындықтар туындады. Бұл толық сал ауруына немесе өлімге әкелуі мүмкін. Ми бағанасы мен жұлынның, қан тамырларының зақымдалу қаупімен қатар жүрді. Мұндай күрделі операциялар сирек және нейрохирургияның жетекші мамандандырылған орталықтарының деңгейінде ғана жасалады", - деді Орталықтағы перифериялық жүйке жүйесінің омыртқа нейрохирургиясы, патологиясы бөлімінің меңгерушісі Талғат Керімбаев.

Дәрігердің айтуынша, операция сәтті аяқталған.

Айта кету керек, омыртқаларды реконструкциялау бойынша аса күрделі отаны ҰҒА академигі, нейрохирург Талғат Керімбаев, Ұлттық нейрохирургия орталығының хирургиялық бригадасы, 30 жылдан астам еңбек өтілі бар дәрігер-нейрохирург Виктор Алейников, балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің дәрігер-нейрохирургы Сапарбек Сейтбеков жасады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу