Елордада мұғалімдер мен полицейлерге коронавирусқа қарсы егу басталды

940

2021 жылдың 1 ақпанынан бері қалада 2 126 адам вирусқа қарсы екпе алған.

Елордада мұғалімдер мен полицейлерге коронавирусқа қарсы егу басталды

Нұр-Сұлтанда мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне COVID-19 вирусына қарсы екпе салу басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап. 

"1 наурыздан бастап Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы екпені мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері алады. Бұл топта 15 мыңнан аса адам бар", - деп жазылған.

Елордада бұл санаттағы адамдарға вакцина салу үшін 36 алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымында екпе егу бөлмелері ұйымдастырылды.

Сонымен қатар бұл вакцинацияға ведомствоаралық ұйымдар да қатысады.

"Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдар мұғалімдер мен тәрбиешілерге екпені білім беру ұйымы бекітілген жері бойынша салады. Вакцина алатындардың тізімдері жасалды. Олар тиісті емханаларға жіберілді", - деп жазылды хабарламада.

Айта кетейік, 1 ақпаннан бастап Нұр-Сұлтанда барлығы 2 126 адам коронавирус инфекциясына қарсы екпе алды. 

Өткен демалыс күндері басқарманың қоймасына 7 мыңнан аса вакцинаның жаңа дозасы жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу