Ведомство өкілінің айтуынша басқарма жыл сайын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бөлігінде үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыруды жүзеге асырады.
"Аталған мекемелер мынадай бағыттар бойынша бөлінеді:
- психоневрологиялық патологиясы бар балалар (оның ішінде Даун синдромы), аутизм спектрі бұзылған балалар және тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар аталған мекемелермен жыл сайын 1936-дан астам адам қамтылады.
Бүгінгі күні қалада ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 8 үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді. Орталықтарда әзірленген стандарттар шеңберінде қызметтердің толық кешені көрсетіледі, қосымша балалар бассейнге барады және иппотерапия бойынша сабақтар өткізіледі", - дейді Азамат Оспанов.
Ол сөзін жалғай отырып, арнаулы әлеуметтік қызметтер алу үшін мүмкіндіктері шектеулі балаларды ("Балам-ай" мүгедек балаларды қолдау қайырымдылық қоры" ҚҚ, "Erekshe Analar" ҚҚ, "Астана қаласының мүгедек балалар қоғамы" ҚБ, "Орда" Астана қаласының аутизмі бар балалар ата-аналарының бірлестігі" ҚБ, "Береке Астана мүгедектер бірлестігі" ҚБ, "Солнечный мир" ҚҚ) Оңалту орталықтарына жолдау жоғарыда көрсетілген стандартқа сәйкес жүргізілетінін тілге тиек етті.