Елордада мүмкіндігі шектеулі жандарға бөлінген 10 көліктің қайда кеткені белгісіз

1351

Нұр-Сұлтан қаласында 700-ден астам арбаға таңылған мүмкіндігі шектеулі азамат инва-таксиге мұқтаж, деп хабарлайды Atameken Business.     

Елордада мүмкіндігі шектеулі жандарға бөлінген 10 көліктің қайда кеткені белгісіз

Негізі бұл азаматтарды жұмысқа және басқа да орындарға апарып-келіп жүрген такси қызметі бар. Бірақ бұл міндетті атқаратын бар болғаны 6-ақ көлік. Жағдайдан хабардар қала басшылығы былтыр ғана 10 көлікті арбаға таңылғандардың тасымалы үшін деп арнайы бөлген екен. Мұны естіген мүмкіндігі шектеулі жандардың қуанышында шек болмады. Алайда сол бөлінген көлік атаулының қайда кеткені әлі күнге белгісіз. Мүмкіндігі шектеулі жандар конфедерациясы әкімдікке хабарлаған, шағымданған, бірақ ешқандай жауап жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу