Елордада мұз астына түсіп кеткен адамды құтқарған азамат марапатталды

153

Оқиға 10 желтоқсанда Марал көпірінің маңында болды. 

Елордада мұз астына түсіп кеткен адамды құтқарған азамат марапатталды Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Сайранұлы Әріновтың бұйрығымен Есіл өзенінде мұз астына түсіп кеткен ер адамды құтқару кезінде көрсеткен батылдығы үшін Айткен Азамат "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалімен марапатталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Серуендеп жүрген Азамат Омарұлы көмек сұраған дауысты естіп, суға батып бара жатқан адамға дереу көмекке ұмтылды. Оның жедел әрі батыл әрекетінің нәтижесінде 1963 жылы туған ер адамның өмірі аман қалды.

Салтанатты рәсімде Астана қаласы ТЖД бастығы Марат Мұхаметкалиұлы Күлдіков Айткен Азаматқа медальді табыс етіп, батыл әрекеті үшін алғыс білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу