Нұр-Сұлтанда "Музейлер парады" акциясы шеңберінде "АЛЖИР" мемориалды-мұражай кешенінде "Халық дәстүрі – асыл қазына" атты шара өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шараның мақсаты – қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстыру, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, оқушылардың бойына отансүйгіштік, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, тәрбиелік мәні бар салт-дәстүрлерді бойына сіңіру.
Оған Ақмол ауылы мәдениет үйінің "Әжелер" хор ансамблі, "Малиновка" іздеу тобы (Ақмол ауылының № 5 орта мектебінің 4,5-сынып оқушылары), "АЛЖИР" мұражайының ұжымы және ауыл тұрғындары қатысады. Келушілерге ұлттық дастархан жайылып, салт-дәстүрлерден көрініс қойылып, ұлттық ойындар ойнатылады.
Сондай-ақ қонақтарға "Алаш", "АЛЖИР" залдары бойынша қазақ, орыс тілдерінде экскурсия өткізіліп, "АЛЖИР"-дің ызғарлы суығы" деректі фильмі көрсетіледі