Елордада мыңнан астам нысан мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бейімделеді

1016

2012 жылдан бері 1287 нысан бейімделген.  

Елордада мыңнан астам нысан мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бейімделеді

Нұр-Сұлтан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Илья Скуб елордада білім беру, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау және ШОБ нысандарының мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімділігі тексеріліп жатқанын мәлімдеді.

"Биылғы жылдың соңына дейін 1200 әлеуметтік және көлік инфрақұрылым нысанын паспорттау және бейімдеу жоспарланған. 2012 жылдан бері 1287 нысан тексеріліп, бейімделді. Бұл 2020 жылдың соңына дейінгі 100% жоспарының 98,5%-ын құрайды", – деді Илья Скуб.

Елорда әкімдігінің ресми сайты мәліметінше, мемлекеттік басқарудың 34 нысаны, 5 әлеуметтік қорғау, 36 денсаулық сақтау, 14 спорт, 20 мәдениет, 178 мектеп және мектепке дейінгі білім беру, 4 көлік инфрақұрылымы, 926 шағын және орта бизнес нысаны, сондай-ақ 70 тұрғын үй тиісті қалыпқа келтірілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу