Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Мәжіліс кулуарында айтты.
Оның сөзінше, полиция органдары 126 мұнайшыны ұстаған. Бүгінде олардың бәрі өз аймақтарына жіберілді.
"11 сәуір күні қоғамдық тәртіпті сақтау, әкімшілік-құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында барлық қатысушы Ішкі істер органдарына жеткізілді. Бүгінгі таңда заңсыз жиналысқа қатысқан барлық жұмысшы өз аймақтарына қайтарылды. Ішінде айрықша белсенділік көрсеткен 5 азаматқа қатысты тиісті әкімшілік іс қозғалып, олар сотта қаралды, ескерту тәртібінде шара көрсетілді. Дегенмен олар да үйлеріне қайтарылды", - деді ол тілшілердің сауалына берген жауабында.
Еске салайық, осыған дейін Астанада наразылыққа шыққан мұнайшылар Жаңаөзенге қайтқанын жазған болатынбыз.