Осы жылдың 10 айында Астанада 25 735 сәби дүниеге келген, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.
Есіл, Сарыарқа, Алматы аудандары АХАТ бөлімдерінің статистикасына сәйкес осы жылдың 10 айында Астана қаласында 25 735 сәби дүние есігін ашқан.
Қыз балаларға қойылған ең танымал есімдер София, Амира, Кәусәр, Елдана болса ұлдарға Әлихан, Айсұлтан, Алан, Арлан есімдері жиі қойылған.
Сонымен қатар, елімізде өтіп жатқан елеулі оқиғаларға қатысты да балаға есім қойылған екен. Халықаралық ЭКСПО көрмесі кезінде Есіл ауданының АХАТ бөлімі Бәйдiбэкспо есімді ұл баланы тіркеген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу