18 наурыздан бастап елордада 700-ге жуық дүкен тексеріліп, 4 тоннадан астам насыбай тәркіленді. Сарыарқа ауданының өзінен 250-ден астам шағын және орта бизнес нысандары тексерілді. Насыбай мен вейпті заңсыз сатудың 23 фактісі анықталды. Полиция мен әкімдік өкілдерінен құралған жұмыс тобы күнделікті күшейтілген тексеріс жүргізеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу