Елордада "Nur-Sultan theatre week" халықаралық театр фестивалі өтеді

676

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды:

Елордада "Nur-Sultan theatre week" халықаралық театр фестивалі өтеді Фото: Александр Куприенко

"Екпе алған тұрғындар санының көбеюі мен КВИ-ге қарсы ұжымдық иммунитеттің қалыптасуы қалыпты өмірге біртіндеп оралуға мүмкіндік береді. Санитарлық нормаларды сақтай отырып, 28 қазан мен 1 қараша аралығында "Nur-Sultan theatre week" халықаралық театр фестивалін өткізуді жоспарлап отырмыз. Елордамыздың барлық театры қатысады, сондай-ақ шетелдік театр ұжымдары шақырылады.
Бұл мәдени шараның мақсаты – мәдениет қайраткерлерін қолдау, көрермендерге де, фестиваль қатысушыларына да мерекелік көңіл-күй сыйлау. Бұл фестивальді өткізуге алғаш рет қаланың барлық инфрақұрылымы, оның ішінде шағын және орта бизнес тартылады. Театр апталығы кезінде көрмелер, театр сахнасының жетекші театрлары мен мэтрлерінің түрлі мастер класстары ұйымдастырылады, сондай-ақ қала тұрғындары арасында спектакльдердің қызықты премьералық қойылымдарына билеттер ойнатылады. Театр апталығын ұйымдастыруға қатысты барлық ақпарат www.visitnursultan.kz сайтында орналастырылады.

Мәдениет ғимараттары мен олардың аумағын өзгерту бойынша жұмыс жүріп жатыр. Мысалы, өткен жылы жаңа қазақ драма театры өз ашылды, онда саябақты абаттандырамыз. Сондай-ақ "Астана Опера" театрының қасында емен бағы, "Астана балет" театры мен Қ. Қуанышбаева атындағы қазақ музыкалық драма театрының қасында бақ болады. Сондай-ақ М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары қайта жанданды.

Биыл Жастар сарайы мен жас көрерменнің музыкалық театрын жалғайтын "театр бульвары" жаяу жүргіншілер аллеясы, сондай-ақ А.Мәмбетов көшесінің (Кенесары көшесі мен Абай даңғылының арасындағы) учаскесінде орналасқан "Demalys Promenade" алғашқы жаяу жүргіншілер көшесі ашылды. Бұл кеңістіктің басты артықшылығы – шығармашылық кәсіби қызметтің жиынтығы. Онда өнер көрсету алаңдары, суретшілер бұрышы, шахмат ойнайтын орындар, ұлттық ойындар (асық, тоғыз құмалақ), спорттық жаттығуларға арналған орындар, сурет көрмелеріне арналған орындар, кітап аймақтары, шатырлы сауда-көрме алаңы және т.б. бар".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу