Нұр-Сұлтан қаласы "Сарыарқа" ауданында еліміздің маңдайына біткен ерекше талант иелері Нұрғиса Тілендиев пен Батырхан Шукеновке мурал салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Екі композитордың туындылары әлі күнге дейін тыңдарманын жоғалтқан жоқ. Н. Тілендиевтің "Аққу", "Әлқисса", "Махамбет" күйлері мен "Құстар әні", "Куә бол", "Сарыжайлау" сияқты әндері әлі күнге дейін халықтың жадында сайрап тұр, ал Б. Шукеновтың "Отан ана", "Жүрегімде Астана", "Джулия", "Твои шаги" сияқты әндері музыка өнеріндегі қайталанбас туындылар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу