Елордада нысана көздеу мен стенд атудан республикалық жарыс басталды

1547

Нысана көздеуден жасөспірімдер додасына еліміздің алты аймағынан 75 спортшы қатысуда.

 Елордада нысана көздеу мен стенд атудан республикалық жарыс басталды

Нұр-Сұлтанда стенд атудан Қазақстан кубогінің үшінші кезеңі басталды. Осы жарыспен қатар нысана көздеуден жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты да өтуде деп хабарлайды Olympic.kz. 

Нысана көздеуден жасөспірімдер додасына еліміздің алты аймағынан 75 спортшы қатысуда. Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Жамбыл, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облысының жас мергендері ел чемпиондығына таласады. 

Ал стенд атудан Қазақстан кубогінің үшінші кезеңіне 130 спортшы қатысып жатыр. Стенд атушылар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Қызылорда және Павлодар облыстарынан жиналған. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу