Елордада оқушыларға сабақ тоқтатылды

1137

Екінші ауысымдағы 0-9-сынып оқушыларына сабақ болмайды.

Елордада оқушыларға сабақ тоқтатылды

Елордада ақ түтек боран. Бүгін қалада бірінші ауысымда оқитын бастауыш сыныптары үшін сабақ тоқтатылған болатын. Енді екінші ауысымдағы 0-9-сынып оқушыларына сабақ болмайды.

Қазгидрометтің хабарлауынша, бүгін желдің екпіні секундына 18 метрге жетпек. Ал ертеңнен бастап, астанамен қатар тағы бірқатар облыста 25-30 градус аяз болады. Желдің күштілігі және ауа ылғалдылығы мен қысымның жоғары болу себебінен күннің суықтығы минус 40 шамасында сезілмек. Осыған байланысты төтенше жағдайлар қызметі алдын ала ескерту жариялады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу