Елордада Оқжетпес көшесіндегі учаске уақытша жабылды

804

Оқжетпес көшесіндегі жол төсемін орташа жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада Оқжетпес көшесіндегі учаске уақытша жабылды

Оқжетпес көшесінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты, осы жылдың 8-9 қазан аралығында К. Байсейітова көшесінен Көктал көшесіне дейінгі аралық көлік қозғалысы үшін толығымен жабылды.

"Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды өтінеміз", – деп жазылған көлік басқармасының хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу