Елордада "омикрон" тарап жатыр

1402

Қалада эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлаған.

Елордада "омикрон" тарап жатыр

Нұр-Сұлтанда алдыңғы 2 аптада күніне вирусты жұқтырудың 80 дерегі тіркелсе, соңғы 5 күнде аурудың  таралу деңгейі 5,5 есе өскен. Репродуктивті сан – 3,2, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Коронавирусты таратпау жөніндегі ВАК дерегінше, бүгінде коронавирусты күніне 1 442 адам жұқтырып жатыр. Биыл қаңтардың алғашқы 10 күнінде вирусты жұқтырудың 4 622 дерегі тіркелді. Бұл өткен жылдың желтоқсанындағы барлық көрсеткішпен салыстырғанда 1,7 есе артық.

"2021 жылғы желтоқсанның соңында жүргізілген молекулярлық-генетикалық зерттеудің нәтижесінде бір сынамадан "омикрон" штамы анықталды. Коронавирус жұқтырған науқастардан іріктелген 25 оң сынама алынды", – деп жазылған хабарламада.

COVID-19 вирусының жаңа штамы өткен жылы 16 желтоқсанда шетелден келген қала тұрғынынан анықталды.

"Ол ПТР-тест тапсырған. Оның нәтижесі теріс болған. Бірақ өткен жылы 22 желтоқсанда ол тамағы ауырып, дәрігерлерге жүгінген", – деп жазылған хабарламада. 

ВАК коронавирус жұқтыру дерегінің күрт өсуін "омикрон" штамының таралуымен байланыстырып отыр. Аурудың тарауы тұрғындарының қалада емін-еркін жүруімен байланысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу