Мектептің жалпы ауданы 23 мың шаршы метрді құрайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Білім беру мекемесінде заманауи кабинеттер, 450 орындық акт залы, 130 адамға арналған асхана, физика, химия және биология зертханалары, сондай-ақ 4 спорт залы бар.
"Бұл мектеп өзінің материалдық-техникалық базасымен ерекшеленеді. Бүгінгі таңда мектепке 500-ге жуық оқушы қабылданды", – деді мектеп директорының міндетін атқарушы Мұрат Ахметов.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу