Елордада осы аптада қандай іс-шаралар өтеді?

575

Астана қаласының мәдениет мекемелерінде 40-қа жуық іс-шара өтеді, деп жазады inbusiness.kz қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Елордада осы аптада қандай іс-шаралар өтеді? Фото: gov.kz

30 қарашада сағат 19:00-де Nomad City Hall-да "Чарли Чаплин" қойылымы көрсетіледі. 3 желтоқсанда сахнада "Мизери" спектаклі, ал 4 желтоқсанда – Imram тобының этно-фьюжн концерті өтеді.

С.Сейфуллин мұражайында 30 қарашада "Тар жол, тайғақ кешу романының желісімен" көрмесі, 2 желтоқсанда "Музейдің экспозициялық құрылысы" атты дәріс өтеді.

"Атамекен" Қазақстан картасы" этно-мемориалдық кешені: 1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай "Салауатты өмір салты" тақырыбындағы дәріс.

"Наз" мемлекеттік би театрында 1 желтоқсанда "Біз СПИД-ке, темекіге, нашақорлыққа және алкогольге қарсымыз!" іс-шарасы өтеді.

"Жастар" театрында 1 желтоқсан күні сағат 13:00-де "Сөз бен саз" бағдарламасы бойынша "Жыр дария" концерті, ал 19:00-де "Современник" театрының қойылымында П.Геновезенің "Идеал бейтаныс адамдар" комедиясы болады. 2 желтоқсанда "Лондон үшбұрышы" мелодрамасын тамашалауға болады.

Жас көрерменді музыкалық театр 1 желтоқсанда "Шәмші" мюзикліне шақырады. Бір күннен кейін "Махаббат бар ма?" лирикалық комедиясы көрсетіледі. 4 желтоқсанда көрермендер "Үнсіздік" спектаклін тамашалай алады.

"АЛЖИР" мұражай-мемориалдық кешенінде 1-2 желтоқсанда тоталитарлық жүйенің жазықсыз құрбандарына арналған "Асыл нанның үзімі" және "Курт-асыл тас" дәрістері өтеді.

2 желтоқсан күні кешке Е.Рахмадиев атындағы академиялық филармония залында "Сол бір кез" ретро-концертімен "Сарыарқа" халық музыкасының ансамблі өнер көрсетеді. 4 желтоқсанда "Астана Опера" театрының К.Байсейітова атындағы камералық залында филармонияның "Тал бесіктен - жер бесікке..." камералық хорының қойылымы өтеді.

2-4 желтоқсан аралығында қуыршақ театрында А.Салаеваның "Мадагаскар 3" мультфильмі негізінде "Қала жолдарындағы оқиғалар" қойылымы көрсетіледі.

М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында 3 желтоқсан күні сағат 11:00-де С.Лыгиннің "Ай, да, Ленка" ертегісі,  кешке Н.Гогольдің "Женитьба" комедиясы көрсетіледі.

3-4 желтоқсан күндері сағат 16:00-де елордалық циркте неміс циркінің "DER ELEFANT" бағдарламасы көрермендер назарына ұсынылады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу