Елордада осы демалыстағы жәрмеңкеде 600 тоннадан астам өнім сатылады

1103

Бауырсақ және қымыз" фестивальдері ұймдастырылып, келушілер назарына өңірдің шығармашылық ұжымдарымен концерттік бағдарлама ұсынылады.

Елордада осы демалыстағы жәрмеңкеде 600 тоннадан астам өнім сатылады

Қазанның 5-6 күндері Нұр-Сұлтан қаласында Қарағанды облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Жермеңке аясында Бауырсақ және қымыз фестивалі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Алдағы демалыста "Хан Шатыр" сауда ойын-сауық орталығының жанында Қарағанды облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеге өңірдің 9 ауданы мен 4 қаласынан 80 шаруа қожалықтары және қайта өңдеу кәсіпорындары өз өнімдерін ұсынады. Сауда сөрелерінде барлығы 600 тоннадан астам өнім сатылады. Оның ішінде: 100 тоннадан астам ет және ет өнімдері, 15 тонна сүт өнімдері, 360 мың дана жұмыртқа, 5 тонна балық және  16 тоннадан астам басқа да өнімдер әкелінеді.

Ауыл аруашылығы жәрмеңкесін өткізу аясында "Бауырсақ және қымыз" фестивальдері ұймдастырылып, келушілер назарына өңірдің шығармашылық ұжымдарымен концерттік бағдарлама ұсынылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу