Елордада өтетін бокс кешін әлемнің барлық елі тамашалайды

699

Бұл атаулы оқиға Астана күні "Барыс Аренада" өтеді.

Елордада өтетін бокс кешін әлемнің барлық елі тамашалайды

6 шілдеде Жаңқош Тұраров (22-0, 15 нокаут) әлемдік титул үшін жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды elorda.info.

ESPN бұл жекпе-жекті АҚШ-тағы, Канададағы және Пуэрто-Рикодағы 100 миллионнан астам жазылушысына трансляция жасайды, сондай-ақ FL TV де көрермендеріне айтулы жекпе-жекті көруге мүмкіндік жасайды.

Жаңқош Тұраровпен бірге жеңіл салмақта WBC бойынша әлем чемпионы титулын және тиісінше орташа салмақта WBO бойынша Еуропа чемпионы титулын қорғайтын Нордин Оубаали және Дэвид Оливер Джойс сияқты халықаралық жұлдыздар өз жекпе-жектерін өткізеді.

Бұған қоса, Сұлтан Заурбек, Виктор Коточигов, Али Балоев, Әбілхаир Шегалиев, Нұртас Әжбенов және Абай Төлеш сияқты қазақстандық спортшылар да өз өнерлерін көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу