Елордада өтетін цирк өнері фестиваліне Чарли Чаплиннің баласы келеді

1129

Арыс қаласының балалары 4-8 шілде күндері Астаналық циркте өтетін барлық қойылымға шақыру алады.

Елордада өтетін цирк өнері фестиваліне Чарли Чаплиннің баласы келеді

Нұр-Сұлтан қаласында 4-8 шілде күндері елорда күні мерекесі аясында "Азия жаңғырығы" XII халықаралық цирк өнері фестивалі өтеді, деп хабарланды әкімдіктің ресми сайтында.

Шет мемлекеттерден келген цирк ұжымдары елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына әлемдік үздік қойылымдарын ұсынады. Оларды күн сайын Астаналық циркте сағат 16.00-де тамашалауға болады.

Биыл "Азия жаңғырығы" цирк өнері фестиваліне Ұлыбритания, Вьетнам, Мысыр, Израиль, Испания, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина және Қазақстаннан 60-қа жуық артист қатысады. Фестиваль аясында ресейлік артистер "На слонах вокруг света" аттракционын көрсетпек.Би билеген пілдердің ерекше қойылымы Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген.

Биылғы цирк өнері фестивалінің тағы да бір ерекшелігі – қазылар мүшелерінің бірі, Халықаралық киноакадемия фестивалінің президенті, цирк фестивальдерінің креативті директоры, белгілі дыбыс режиссері және продюсер Юджин Чаплин қатысады, ол атақты актер Чарли Чаплиннің баласы.

Айта кетейік, қойылымдар билеттерінің бір бөлігі қайырымдылық мақсатқа таратылады. Арыс қаласының балалары 4-8 шілде күндері Астаналық циркте өтетін барлық қойылымға шақыру алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу