Елордада өтетін Сирия бойынша кездесуге қай елдер қатысады

799

7-8 шілдеде елордада Астана форматында Сирия бойынша келіссөздерде санитарлық талаптар толық сақталуы керек. Бұл туралы ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне сілтеме жасап.  

Елордада өтетін Сирия бойынша кездесуге қай елдер қатысады

Оның айтуынша, еліміздің бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, 
мұндай іс-шараларды санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтаған жағдайда өткізуге рұқсат беріледі.

"Оның ішінде келесі талаптар сақталуы керек: іс-шараға қатысушыларда COVID-19 вирусының бар-жоғына ПТР-тест тапсыруы, коронавирусқа қарсы екпені толық алғанын растайтын вакцинация паспортының болуы, маска тағу, арақашықтықты сақтау, санитайзерлердің болуы және тағы басқа. Бұл талаптардың сақталуын медицина қызметкерлері бақылайды", – деді ресми өкіл.

Айта кетейік, 7-8 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында Астана форматында Сирия бойынша жоғары деңгейдегі 16-шы халықаралық кездесуі өтеді деп жоспарланып отыр.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, алдағы кездесуге кепілгер елдер – Иран, Ресей және Түркия, сондай-ақ Сирияның үкіметі мен қарулы оппозициясы өкілдері, бақылаушылар ретінде БҰҰ, Иордания, Ирақ пен Ливанның жоғары деңгейдегі өкілдері қатысады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу