Елордада өтіп бара жатқан адамды тонаған ұры ұсталды

511

Полицияға қала тұрғыны көшеде белгісіз біреу шабуыл жасап, ұялы телефонын тартып алғаны туралы арызданған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Елордада өтіп бара жатқан адамды тонаған ұры ұсталды

Анықталғандай, жас жігіт түнгі уақытта, сағат 23.00 шамасында Есенберлин көшесімен келе жатып, ұялы телефонмен сөйлескен. Осы уақытта күдікті оған жақындап келіп, әлдебіреуге қоңырау шалуды өтінген.

"Жас жігіт оның өтінішінен бас тартқан. Жауап ретінде қаскүнем оның жақ тұсынан ұрып, құны 100 мың теңге тұратын телефонын тартып алып, қашып кеткен. Полиция қызметкерлері ұрлық жасағаны үшін бұрын сотталған 34 жастағы күдіктіні "ізін суытпай" ұстады", – деп жазды елордалық полиция департаментінен.

Қазіргі уақытта тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған азаматтың қала аумағында жасалған басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу