Елордада өтіп жатқан "Шанхай апталығы" көрмесі іскерлік серіктестер табуға мүмкіндік береді

723

Елордада өтіп жатқан "Шанхай апталығы" көрмесі іскерлік серіктестер табуға мүмкіндік береді

Астанада Қытайдың Шанхайдағы ірі компаниясының көрмесі өтуде. Көрме Шанхайдың халықаралық сауда комитетінің бастамасымен Қазақстанда  алғаш рет ұйымдастырылып ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚР инвестициялар жәнедаму министрлігінің баспасөз қызметі.

Көрменің негізгі мақсаты – Қазақстан  мен Шанхай арасындағы іскерлік байланысты күшейту және кеңейту. Сонымен қатар, қазақстандық компаниялар мен Астана тұрғындарының назарын бірқатар өнеркәсіп саласының жаңа қондырғылары мен қосалқы бөлшектеріне аудару.

Қытай компанияларының Қазақстан нарығына қызығушылығы Астанада өтіп жатқан ЭКСПО көрмесімен және энергетика, баламалы энергетика, автомобиль жасау, құрылыс, химиялық өнеркәсіп сияқты ел экономикасын дамытатын секторлармен байланысты.

Көрме қазақстандық компаниялардың Қытайда әзірленген ең соңғы технологиялармен танысуға және іскерлік серіктестер табуға мүмкіндік береді.

Көрме барысында бірқатар автомобиль саласының жаңалықтары көрсетілді. Ірі азық-түлік өндірушілері мен тоқыма компаниялары Қазақстанның шағын және орта бизнес өкілдері қызығушылығын тудыратын тауарлары мен өнімдерін ұсынады. 

Бұдан басқа, құрылыс компаниялары көрмеде шынының неше түрін көрсетеді. Олардың қатарында ультражұқа, диджитал және энергияүнемдеуші сияқты түрлері бар. Химиялық салада жұмыс істейтін компаниялар көрме келушілеріне шаруашылыққа қажетті жаңа өнімдерді ұсынады.

"Шанхай апталығы" көрмесі шілденің 3-мен 5-і аралығында өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу