Елордада өткен жалпықалалық сенбілікке 62 мыңнан астам адам қатысты

811

Нұр-Сұлтанда "Birge – taza Qazaqstan" акциясы және көктемгі экологиялық айлық аясында жалпықалалық сенбілік өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордада өткен жалпықалалық сенбілікке 62 мыңнан астам адам қатысты

Іс-шара қыс мезгілінен кейін қаланы абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмыстар жүргізуге бағытталған.

Қаланы тазалауға 62 500-ге жуық адам, 3 580 кәсіпорын мен ұйым қатысты. 482 тоннадан астам қалдық жиналып, полигонға шығарылды. Алматы ауданы бойынша – 352 тонна, Байқоңыр ауданы бойынша – 85 тонна, Есіл ауданы бойынша – 92 тонна, Сарыарқа ауданы бойынша – 115 тонна қоқыс жиналды.

Өткізілген іс-шара аясында жалпы ауданы 2,7 млн шаршы метрден астам саябақ пен сквер тазартылды, 248 ағаш отырғызылды.

Естеріңізге сала кетейік, 23 сәуірде елордада жалпықалалық сенбілік аясында жаппай ағаш отырғызылады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу