Елордада пациенттердің 56%-ында үнді штамы алдын ала расталды

995

COVID-19 ауруының күрт өсуін және үнді штамының ықтималдығын ескере отырып, Нұр-Сұлтанда қосымша тексеруге 54 науқастың сынамасы алынды.  

Елордада пациенттердің 56%-ында үнді штамы алдын ала расталды

Олардың ішінде пациенттердің 56%-ында үнді штамының ықтималдығы анықталды. Мутацияның жаңа түрі ең жұқпалы және тез таралады. Елордада қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қосымша карантиндік шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz елорда әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап. Коронавирустың таралуына жол бермеу шаралары елорда әкімі Алтай Көлгіновтің басшылығымен өткен қалалық штаб отырысында қаралды.

"Қалада аурудың күрт өсуін тіркейміз. 54 науқастан алынған сынаманың алдын-ала талдауы олардың 56%-ында үнді штамының ықтималдығы бар екенін көрсетеді. Мутацияның жаңа түрі ең қауіпті, өйткені өлім қаупі жоғары, адамның иммунитетіне қатты әсер етеді. Ал 39%-ы британдық штаммға ие. Пациенттердің 80%-дан астамында (үнді, британдық штамдар) клиникалық көріністер бар, оның ішінде 20 науқас ауруханаға жатқызылды, 20%-ында симптомдар жоқ, оның ішінде 1 науқас ауруханаға жатқызылды.

Көпшілігі – дәрігерге көрінген. Сырттан келген алты науқас бар: Ресей, Ауғанстан, Түркістан, Ақмола облысы – 2, ШҚО", — деді елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов коммуналдық қызметтердің, құрылыс компанияларының басшыларымен, мектеп/балабақша, колледж, СОО/СҮ/базар директорларымен, ҮЕҰ және басқа да ірі кәсіпорындардың өкілдерімен кездесті. Жұрттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында еңбек ұжымдарын вакцинациялау қажеттілігі айтылды. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру кезінде ғана олардың қызметі тоқтатылмайды. Егілгендердің саны аз болған жағдайда, осы нысандағы жұмыстар тоқтатылады.

Үнді штаммының жұқпалы және тез таралатынын ескере отырып, қалада қосымша шектеулер енгізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу