Қайғылы жағдайды парашютпен секіруді ұйымдастырған компания растады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Расында да кеше ер адам жерге дұрыс қонбай, жамбасын сындырып алды. Ол аэродромда есін жиды, сосын жедел жәрдем алып кетті. Өкінішке қарай, бізбен ешкім байланысқан жоқ, біз бұл хабарды әлеуметтік желілердегі адамдардан біліп отырмыз.
Бізде көп жылдық тәжірибесі бар білікті нұсқаушылар бар, қауіпсіздік ережелерінің барлық нюанстары қамтылған. Алайда бізде кезекші дәрігер жоқ, бірақ қажет болған жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсетуге қажет нәрсенің бәрі бар. Жамбастың сынуы кезінде біз тек қана адамды қозғалыссыз қалдырып, жедел жәрдемді күте аламыз", - деп жазды ұйымдастырушы компания.
Астана қалалық ПД аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.