Елордада пәтер ұрлығын кәсіп қылып алғандар ұсталды

668

Қазіргі уақытта күдіктілер Нұр-Сұлтан қ. ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Елордада пәтер ұрлығын кәсіп қылып алғандар ұсталды

Нұр-Сұлтан қ. Полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері елордада ұрлық жасауды кәсіпке айналдырып алған ұрылардың қылмыстық әрекеттерін тоқтатты, деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Елордалық тұрғын пәтер ұрлығы туралы полицияға арызданған. Ол белгісіз тұлғалардың оның пәтеріне кілт таңдау арқылы кіріп, "Самсунг" маркалы ноутбугін, зергерлік бұйымдар мен ақша қаражатын ұрлап кеткенін айтқан.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында жедел уәкілдер қылмыскерлердің ізіне түсті. Екі адамның баспалдаққа 11:00 шамасында кіріп, 20 минуттан кейін кетіп қалғаны, біреуінің қолында ноутбук сөмкесі болғандығы анықталды. Лифтіге орнатылған бейнекамералар қылмысқа күдіктілерді анықтауға көмектесті. Олар бұрын 33 рет сотталған Павлодар облысының тұрғындары болып шықты. Қазіргі уақытта күдіктілер Нұр-Сұлтан қ. ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Елорда аумағында осындай қылмыстарды жасауға қатыстылығы тексерілуде",– деп жазылған хабарламада.

Полиция осы адамдардың заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар болса хабарласуын сұрайды. Сондай-ақ тұрғындар үйдің кіреберісінде немесе аулада мақсатсыз жүрген бейтаныс адамдардың визуалды байланыс арқылы жүздерін жасыруға тырысқандары болса, Нұр-Сұлтан қ. Полиция департаментіне хабарлауларына болады: Бейбітшілік көшесі, 19 мекен-жайы бойынша немесе байланыс телефоны: 8 (7172) 71-60-69; 71-61-48, немесе "102".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу