Елордада пәтерді жалға беру бағасы көтерілді

1027

Нұр-Сұлтанда пәтерді сатып алудың да, жалға алудың да қымбат болуымен қатар, тұтынушылық шығындардың 10 пайызы коммуналдық шығындарды өтеп, пәтерді жөндеуге жұмсалады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz зерттеуіне сілтеме жасап.

Елордада пәтерді жалға беру бағасы көтерілді

Қазақстанда осы жылдың мамыр айында тұрмысқа жайлы тұрғын үйлердің шаршы метрі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,8 мың теңгеге, яғни 11,2 пайызға қымбаттаған. Биыл сектордағы жалға алу құны соңғы жеті жылдың ішінде ең жоғары көрсеткішке жетіп отыр.

"Елдегі ірі қалалар мен мегаполистердің ішінде пәтерді жалға алудың ең жоғары бағасы Нұр-Сұлтанда тіркелген: шаршы метріне елордада 3,1 мың теңге төлеуге тура келеді. Одан кейінгі орындарда Алматы қаласы (2,6 мың тг, +9,9%) мен Түркістан (2,2 мың тг, +19,2%) қаласы тұр. Жалға алу бағасынан бөлек, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында тұрғын үйді күтіп ұстаудың да шығындары жоғары. Коммуналдық қызметтерге, тұрғын үйді күтіп ұстап, жөндеуге кететін шығындардың үлесі осы жылдың бірінші тоқсанында халықтың шығынының 7,3 пайызын құрады. Өңірлерде бұл жағынан көрсеткіш 4,9 пайыздан (Атырау облысы) 9,7 пайыз (Нұр-Сұлтан) аралығында болды", - делінген зерттеуде.

Елде орташа айлық номиналды еңбекақы осы жылдың бірінші тоқсанында 230 мың теңгені құраған. Бұл көрсеткіштің сатып алу қабілеті өткен жылдың төртінші тоқсанынан қарағанда 3 пайызға төмендеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу