Елордада Павлодар облысының жәрмеңкесі өтіп жатыр

1213

31 тамыз күні басталған ел өңірлерінің ауылшаруашылық жәрмеңкелері 27 қазанға дейін жалғасады.  

Елордада Павлодар облысының жәрмеңкесі өтіп жатыр

Нұр-Сұлтанда Павлодар облысының ауылшаруашық жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды elorda.info.

"Жәрмеңкеге 160 млн теңгені құрайтын, 510 тоннаға жуық өнім жеткізілді. Оның ішінде 60-70 тонна ет, 200 тоннадан астам жеміс-жидек және көкөністер. Әкелінген тауарлардың негізгі бөлігі ет және ет өнімдері, сонымен қатар жеміс-жидектер мен көкөністер. Себебі астаналықтардың арасында осы өнімдерге сұраныс жоғары. Павлодар облысының жәрмеңкесі биыл үшінші рет өткізіліп отыр", – деді Павлодар облысы сауда саласын дамыту бөлімінің басшысы Руслан Ыдырысов.

 Оның айтуынша, жәрмеңкеге 90-нан астам павлодарлық тауар өндірушілер қатысып жатыр.

Өз өнімдерін "Жәрмеңкеде "Рубиком" ЖШС, "МолКом" ЖШС, "Смак" ЖШС, "КЭММИ" ЖШС, "Сагып" ШҚ, "Галицкое" ЖШС, "Крендель" ЖШС, "Акжар-Ондирис" ЖШС секілді елімізге танымал кәсіпорындар ұсынуда. Айта кетсек, Павлодар облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі "Хан-Шатыр" сауда, ойын-сауық орталығының алаңында өтіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу