Елордада педофил ұсталды ма – полиция түсінік берді

683

Әлеуметтік желіде қаладағы үйлердің бірінде педофил деген күдікпен ер адамның ұсталғаны туралы видео жарияланған еді.

Елордада педофил ұсталды ма – полиция түсінік берді

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті бұл ақпаратқа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

2021 жылғы 21 қыркүйекте кешкі сағат 19.21-де "102" пультіне Рысқұлбеков көшесінде белгісіз ер адамның кішкентай қызға тиіскені туралы хабарлама түскен.

"Оқиға орнына полицейлер шұғыл жетті. Кешке мектептен келе жатқан кәмелет жасына толмаған қыз мас ер адамның жанына барған. Бұл дерек бойынша 25 жастағы күдікті ұсталды", - деп жазылған елордалық ПД-ның баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Медициналық куәландыру нәтижесіне сәйкес күдіктінің мас болғаны анықталды.

"Ол ІІО есебінде тұрмайды, бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бүгінде бұл дерек бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу