Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, А.Петров көшесінде орташа жөндеу жұмысы басталғаны туралы мәлімдейді.
Жөндеу жұмысына байланысты осы жылдың 29 маусымында сағат 8:00-ден 23:00-ге дейін
Ж.Жирентаев көшесінен М.Жұмабаев даңғылына дейінгі учаскедегі Петров көшесі бойынша көлік қозғалысы толығымен жабылды.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу