Елордада пневмониямен ауыратындар 40 пайызға азайды

590

КВИ-ден емделіп шыққандар саны 67 пайызға жетті.  

Елордада пневмониямен ауыратындар 40 пайызға азайды

Елордада 5 шілдеден бастап енгізілген карантин шаралары мен амбулаториялық емдеуді күшейту нәтижесінде пневмониямен ауруханаға түскендер саны 40,5% – 1 348-ден 793-ке дейін азайды, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Қалада коронавирус стационарларына түскен науқас саны 50,3%-ға азайды.

"Карантин шаралары, емханаларда амбулаториялық емдеуді күшейту және қала тұрғындарының санитария нормаларын қатаң сақтауы денсаулық сақтау жүйесіне, дәрігерлерге жүктемені айтарлықтай төмендетті. Жедел жәрдем стансасына қоңырау саны екі есеге жуық астам азайды – тәулігіне 2 400-ден 1 129-ға дейін (52,3%) түсті. Соның ішінде КВИ бойынша – күніне 350-ден 112-ге дейін. Карантинге дейін, коронавирустың ауыр дәрежесімен науқастар медицина мекемелеріне бірінен соң бірі түсіп жататын. Бұл – дәрігерлерге моральдық тұрғыдан өте ауыр тиді, олар шаршады. Денсаулық сақтау мамандары әр науқас үшін соңына дейін күресті. Қазір ауыр науқастар саны азайды. Екі күн бұрын дәрігерлеріміз өкпесі 100%, 90% қабынған науқастарды емдеп шығарды. Азаматтардан карантин алынып тасталғаннан кейін де инфекцияның алдын алу үшін санитария нормаларын қатаң сақтауды сұраймыз", – деді қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлия Рүстемова.

Осылайша, КВИ-ден емделіп шыққандар саны 67 пайызға жетті. 9 494 науқастың 6 607-і сауығып шықты. Төсек-орын жүктемесі 90%-дан 47%-ға азайды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу