Елордада пневмониямен ауырғандар көбейген

615

Стационарларда жатқан науқастардың 62%-ы пневмониямен науқастанған. 

Елордада пневмониямен ауырғандар көбейген

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова өкпе қабынуымен ауыратын науқастар саны артып келе жатқанын мәлім етті.

"Қазіргі кезде пневмониямен ауру көбейіп келе жатқанын айтқым келеді. Қаладағы барлық инфекциялық және провизорлық стационарда жатқан науқастардың 62%-ы пневмониямен науқастанған. Ауру орта, ауыр және өте ауыр жағдайда өтуде. Пневмонияның 70 жағдайы коронавирус себебінен асқынған. Тек 30%-ы ғана вирустен болған пневмония. Бұл коронавирустің әр адам үшін қауіпті екенінің дәлелі", – деген қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы індеттен сақтанып жүру керектігін еске салды.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу