Елордада пневмониямен тіркелгендер саны тәулігіне 600 жағдайға дейін өсті

862

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықованың айтуынша, бұрын 80 жағдайға дейін болатын. 

Елордада пневмониямен тіркелгендер саны тәулігіне 600 жағдайға дейін өсті

Елордада пневмониямен ауыратын науқастардың саны тәулігіне 600 жағдайға дейін өсті, деп хабарлайды Atameken Business.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықованың айтуынша, бұрын 80 жағдайға дейін болатын. Ал қазір аптасына 8,5 есеге дейін жоғарылауы байқалып отыр.

Осы тәулікте реанимация бөлімінде 103 адам жатыр. Оның 55-і коронавирус инфекциясы болса, соның ішінде 22 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Өткінішке қарай, бүгінде астанада 38 өлім жағдайы тіркелді. Олардың 70 пайызы – 60 жастан асқан адамдар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу