Елордада полицейлері түнде балалары қыдырып жүрген 50 ата-ананы жауапқа тартты

759

Ювеналдық полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық орталықтарында қыдыруын болдырмау үшін рейд жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.    

Елордада полицейлері түнде балалары қыдырып жүрген 50 ата-ананы жауапқа тартты

Тәртіп сақшылары қоғамға қарсы іс-әрекеттерді анықтау мақсатында аулаларды, саябақтарды, алаңдар мен жастар шоғырланатын басқа да орындарды тексеріп шықты.

Осылайша, полицейлер түнде қалада заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз қыдырған кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерді анықтады.

Сағат 23:40-та Нұр-Сұлтан қаласы "Байқоңыр" ауданының ПБ ювеналдық полиция қызметкерлері Луи Пастер көшесі бойынша әкімшілік учаскені тексеру барысында сағат 23:00-ден кейін сыртта жүрген 16 жастағы бойжеткенді анықтады.

Аталмыш факті бойынша кәмелеттік жасқа толмаған бойжеткеннің заңды өкілінің қатысуымен ҚР ӘҚБтК-нің 2-бөлімі 442-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД Жергілікті полиция қызметінің басқарамасының бастығы Арман Айтмағамбетовтың айтуынша, демалыс күндері сағат 23:00-06:00 аралығында кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз үйден тыс жерде жүруіне қатысты 50 азамат әкімшілік жауапқа тартылды.

Сонымен қатар рейд барысында балалардың құқықтарын бұзу фактілерін анықтау мақсатында нысандар тексерілді, олармен әкімшілік және қылмыстық заңнама нормаларын түсіндіру бойынша алдын алу мақсатында әңгіме жүргізілді.

Тәртіп сақшылары ата-аналар мен мекеме иелері кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылатынын еске салады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу