Елордада полицияның ар-намысына тиген жігіт бірнеше жылға сотталды

Жақында Қостанайда адам шошырлық әрекеттің видеосы желіде кеңінен тараған еді.  

Елордада полицияның ар-намысына тиген жігіт бірнеше жылға сотталды Фото: gov.kz

Астана прокуратурасы дәл сондай жағдай елордада да болғанын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Дереккөзге сүйенсек, оқиға Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің жанында тіркелген.

Масаң күйдегі ер адам полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған. Оларға балағат сөз айтып, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлаған, сонымен қатар, қарсылық көрсетіп, күш те қолданған. Құқыққа қарсы әрекеттердің салдарынан полиция қызметкерлері жеңіл жарақат алып отыр.

Олардың сотына қатысқан прокурор күдіктілердің кінәсін дәлелдейтін айғақтар ұсынған. Әрі күдікті де кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінген.

– Сот үкімімен азамат кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді, – деп хабарлайды прокуратура.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу