Елордада пробация есебінде тұрған 5 сотталған рақымшылықпен босатылды

1136

Елордада пробация есебінде тұрған 5 сотталған рақымшылықпен босатылды

Елордада пробация есебінде тұрған 5 сотталған рақымшылықпен босатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметі есепте тұрған сотталғандарды "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" Заңын қолданып, іс-құжаттары Нұр-Сұлтан қаласы аудандық соттарына жолданды.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменттің пробация қызметі бойынша рақымшылыққа 715 сотталған ілігеді. Оның ішінде 209 сотталған босатылып, 506-ның жазасы қысқартылады.

Аудандық соттың қаулысымен бес сотталған жазадан босатылды. Қаулы заңды күшіне енді. Бас бостандығынан шектеу жазасымен сотталғандар. Ал қалған сотталғандардың іс-құжаттары соттың қарауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу