Астанада психиатриялық есепте тұрған ана баласын вокзал маңына тастап кеткен

253

Осыдан бірер күн бұрын елордада 3-4 жасар баланы далада тастап кеткен анаға іздеу салынған еді.

Астанада психиатриялық есепте тұрған ана баласын вокзал маңына тастап кеткен Фото: astanatv.kz

Баласын тастаған ана табылды. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

– Астана станциясындағы желілік полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру нәтижесінде баласын вокзал маңында қалдырған ананы анықтап, полицияға жеткізді. Ол бұрын психиатриялық диспансерлік есепте тұрған, – делінген хабарламада.

Қазір анаға қатысты баланы қауіп-қатерге қалдыру фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр. 

– Бала Астана қаласы әкімдігінің өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына жіберілді, – дейді көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінен. 

Сондай-ақ, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайтыны ескертілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу