Елордада ПТР-тестін қолдан жасаған директор сотталды

731

Қылмыстық істі Есіл ауданының № 2 аудандық соты қараған. 

Елордада ПТР-тестін қолдан жасаған директор сотталды

Елордада ПТР-тестін қолдан жасаған компания директорына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"2021 жылғы 21 маусымда аудандық сот ПТР-зерттеулердің анықтамасын қолдан жасау және "Ұлттық медициналық орталық" АҚ зертханасының жалған бланкілерін дайындау фактісі бойынша "B" ЖШС-нің  бас директоры "К" есімді адамға қатысты айыптау үкімін шығарды (Қылмыстық кодекстің 385-бабы 1-бөлігі бойынша)", деп жазылған Нұр-Сұлтан қаласы сотының ресми сайтында.

1 сәуірде сотталушы ilovepdf.com сайтының көмегімен "B" ЖШС жұмыскерлеріне Мемлекеттік күзет қызметінің нысанына кіруге құқық беретін ресми құжатты қолдан жасаған.

"Күдікті теріс нәтижемен ПТР-зерттеу анықтамасын қолдан жасады. "К" есімді адам мәтінге өзгерістер енгізіп, "Ұлттық медициналық орталық" АҚ зертханасының жалған электронды бланкісін жасады", деп жазылған хабарламада.

Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері нысанға жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін кірмек болған жұмысшылардың әрекетінің жолын кесті.

Бұл факт Қылмыстық-процестік кодексінің 629-4-бабы негізінде қаралды. Сотталушы жасаған әрекетіне өкінетінін айтты.

"Сот "Қ" есімді адамға 50 АЕК мөлшерінде 145 850 теңге айыппұл түрінде жаза тағайындады. Сотталушыға айыппұлды өз еркімен төлеу үшін бір ай мерзім белгіледі. Үкім заңды күшіне енген жоқ",  деп жазылған хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу